
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің қызметкерлері тергеу изоляторындағылардың
ұстау шарттарымен танысты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың бірі-шенеуніктерді бас бостандығынан айыру орындарына апарып, қылмыс жасаған адамдардың ұстау шарттарымен таныстыру.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің қолдауымен Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Сәуле мөлтекауданындағы №69 РММ тергеу изоляторындағы қамауда отырғандардың ұстау шарттарымен танысты.
Ұйымдастырушылар бұл акция әркім өзінің қолындағы бар нәрсені бағалай білуіне, адал қызмет етіп, жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізетіндігіне сенім білдірді.
Іс-шара барысында қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері түзету мекемесінің режимімен таныстырып, өз кезегінде қатысушылар іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісті.