Date of publication: 21.05.2024 16:54
Date of changing: 21.05.2024 16:56
Сұрақ: Өлеуметтік аударымдар қалай есептеледі және төленеді?
 
Жауап: Әлеуметтік Кодекстің 243-бабына сәйкес әлеуметтік аударымдар келесі санаттар үшін төленеді:
- жұмыскерлер, өзге де ақылы жұмысы бар адамдар;
- ЖК, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары, сондай-ақ 18 жасқа толған олардың мүшелері;
- жеке практикамен айналысатын тұлғалар;
- салық агенттерімен жасалған АҚС-(азаматтық құқықтық сипаттағы) шарттары бойынша табыс алатын жеке тұлғалар (тармақтың күші тек 01.01.2025 ж. бастап күшіне енеді).
- жеке көмекшілер.
Әлеуметтік Кодекстің 243-бабының күші тек ҚР азаматтарына ғана емес, сонымен қатар қандастарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен ҚР аумағында табыс әкелетін қызметті жүзеге асыратын азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады. Әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыс берушінің еңбекке ақы төлеу ретінде табыс түрінде төлейтін шығыстары жұмыскерлер үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.
Бұл ретте әлеуметтік Кодекстің 207-бабында көзделген жасқа толған адамдар (жасы бойынша зейнеткерлер) міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатпайды. Еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетке шыққан зейнеткерлер сақтандыруға жатады және олар үшін әлеуметтік аударымдар төленеді. Мүгедектікке келетін болсақ, мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік аударымдар бойынша жеңілдіктер қарастырылмаған.
Әлеуметтік аударымдар есептеу объектісінің 3,5% ставкасы бойынша қалыпты тәртіппен мүгедектер үшін есептеледі. Осылайша, зейнеткерлік жасқа толған адамдар ғана әлеуметтік аударымдардан босатылады, ал еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткер, сондай-ақ мүгедектігі бар қызметкер үшін әлеуметтік аударымдар әдеттегідей есептеледі және төленеді.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекстің 244-бабына сәйкес төлеушілердің қорға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін және (немесе) өз пайдасына төлеуіне жататын әлеуметтік аударымдар ставкасы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекстің 246-бабына сәйкес Қорға әлеуметтік