
Шымкент қаласының Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 16.05.2024 жылы Қаржы министрлігі Әдеп жөніндегі уәкілі Әділханов Дүйсен Бұхарбайұлының Шымкент қаласының Қаржы министрлігі жүйесінің қызметкерлермен кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Д.Әділханов мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелері бойынша қызметкерлермен сұхбат жүргізді.
Кездесу соңында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Өзбеков қатысушыларды қоғамның мемлекеттік қызметке және мемлекетке деген сенімін қалыптастыруға және арттыруға ат салысуға шақырды.