
Шымкент қаласы бойынша МКД Әдеп жөніндегі уәкілі жас мамандармен кездесу өткізді
Шымкент қаласы бойынша МКБ басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Өзбеков бекітілген жоспарға сәйкес 27.05.2024 жылы Департаментке жаңадан қабылданған қызметкерлермен кездесу өткізіп, жиналыста сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау, сондай-ақ қызметтік этиканы сақтау мәселелерін талқылады.
Отырыс барысында Е.Өзбеков мемлекеттік қызметтің жауаптылығын, оның өз ережелері бар екенін ескерте отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша заңнама, сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен олардың салдары және сыбайлас жемқорлық профилактикасы мен қызметтік этиканы сақтау мәселелері талқыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Отырысты қорытындылай отырып, Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Өзбеков жас мамандарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыруды және өз қызметтерінде адал және тәртіпті болуды тіледі.