Date of publication: 31.05.2024 10:01
Date of changing: 31.05.2024 10:03
Ағымдағы жылдың 25 мамырында Алматы қаласында мемлекеттік кірістер органдарының оңтүстік өңірлерінің қызметкерлері арасында Республикалық спартакиада өтті.
 Іс-шара Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің жүйесінде дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына және командалық спорт түрлерін насихаттауға орай ұйымдастырылды.
Спартакиадаға 7 командадан 200-ден астам мемлекеттік қызметші қатысты, спорттың 4 командалық түрі бойынша: мини-футбол, волейбол, шахмат, киберспорт, ол өз кезегінде Counter-Strike және DOTA ойындарымен таныстырылды.
 Іс-шара нәтижесінде жеңімпаздар анықталды: Шағын футбол: I орын – Алматы қаласы бойынша МКД, II орын – Шымкент қаласы бойынша МКД, III орын – Қызылорда облысы бойынша МКД; Волейбол: I орын – Алматы қаласы бойынша МКД, II орын – Түркістан облысы бойынша МКД, III орын – Жетісу облысы бойынша МКД; Шахмат: I орын – Шымкент қаласы бойынша МКД, II орын – Алматы облысы бойынша МКД, III орын – Жетісу облысы бойынша МКД; 
 Counter-Strike: I орын – Қызылорда облысы бойынша МКД, II орын – Шымкент қаласы бойынша МКД, III орын – Алматы қаласы бойынша МКД, DOTA: I орын – Шымкент қаласы бойынша МКД, II орын – Алматы қаласы бойынша МКД, III орын – Алматы облысы бойынша МКД.
Шымкент қаласы бойынша МКД-нің I орын алып кубокқа ие болған; DOT-СултановҚ., шахмат- Рамазанова Л. Құттықтаймыз !!!