Date of publication: 04.06.2024 17:27
Date of changing: 04.06.2024 17:29
2024 ж. 31 мамырында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті және Республикалық "Табысты Бухгалтерлер клубы" Шымкент қаласының кәсіпкерлерімен және бухгалтерлерімен конференция өткізді.
Конференцияға Департаменттің жауапты қызметкерлері және бизнес-қоғамдастықтардың сарапшылары, яғни Сандуғаш Төлегенова, Думан Шалатаев, Елена Коламейцева, Балжан Жанғасинова, Фатима Колибекова, Екатерина Камалетдинова қатысты.
Департамент орынбасары Ж.С.Акаев конференциян жұмысын ашып, іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі миссиясы салықтар мен кедендік төлемдерді алу ғана емес, табысты бизнес ортаны, салық төлеушінің құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселесіне тоқталып өтті.
Сондай-ақ, жалпыға бірдей декларациялау, салықтық тексерулер, тәуекелдері басқару жүйесі және камералдық бақылау мәселелері айтылып өтті.
Кездесу барысында конференцияға қатысушылар өз жұмыстарына пайдалы мәліметтермен таныс болды. 
Сонымен қатар сарапшылар қолданыстағы заңнама туралы жаңалықтармен бөлісіп, болашаққа арналған міндеттерді талқылады.
 
*