Date of publication: 25.06.2024 11:02
Date of changing: 25.06.2024 11:06
Шымкент қаласы бойынша МКБ басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Өзбековтың төрағалығымен «Шымкент Кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетінің қызметкерлерімен 13.06.2024 жылы жиналыс өткізіліп, кеден қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау, сондай-ақ қызметтік этиканы сақтау мәселелері талқыланды.
Отырыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша заңнамадағы соңғы өзгерістер, сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен олардың салдары және сыбайлас  жемқорлық профилактикасы мен қызметтік этиканы  сақтау мәселелері талқыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Отырысты қорытындылай отырып, Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Өзбеков қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру  және қызметтік эитканы сақтау тақырыбында профилактикалық сұхбат жүргізіп, Әдеп кодексін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.