Date of publication: 26.06.2024 11:15
Date of changing: 26.06.2024 11:15
25.06.2024 жылы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (бұдан әрі-Департамент) мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлерін тәлімгерлік қызметке тарту мақсатында жас мамандардың Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары Ардагерлер кеңесінің төрағасы Л. Козбахов және К.Дурмухамедовпен кездесуі өткізілді.
Ардагерлер жасына қарамастан қоғамдық негізде мемлекеттік кірістер органдарына көмектесуді жалғастырып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бар күшімен қатысатынын атап өтті. Белсенді өмірлік ұстаным, ардагерлерге тән сарқылмас энергия жастар үшін үлгі болып табылады.
Кездесу барысында 30 жылдан астам Мемлекеттік кірістер органдарының әртүрлі жауапты лауазымдарында жұмыс істеген Лесбек Козбахов Республиканың мемлекеттік кірістер органдарының қалыптасуы туралы айтып, өзінің өмір сүру кезеңінде салық жүйесі реформаланғанын, салық салу жүйесі өзгергенін және реформалаудың бүкіл процесі салық заңнамасын үнемі жетілдіруге, салық төлеушілердің бюджетімен өзара қарым-қатынас жағдайларын жақсартуға бағытталғанын атап өтті. Спикер -"әрине, қалыптасудың басында салық жинау мен қазынаны толықтыруда қиындықтар болды, бірақ соған қарамастан біздің жұмысымыз қызықты әрі танымды болды", деп атап өтті. Қорытындылай келе, қонақ жас мамандарға "жүктелген міндеттермен жауапкершілікпен қарау, өз жұмысын сүю және мемлекет игілігі үшін жұмыс істеу керек", деп қошемет көрсетті.
Кездесу достық және жылы жағдайда өтті.