Date of publication: 02.08.2024 17:18
Date of changing: 02.08.2024 17:21

Мемлекет басшысының 2025 жылға көлеңкелі экономика деңгейін 15 пайызға дейін төмендетуді және бұл бағытта кешенді жұмыстарын жүргізу тапсырмасымен, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Шымкент қаласының прокуроры Габит Касымбекович Мукановтың бастамасымен уәкілетті органдардың бірінші басшыларының қатысуымен көлеңкелі экономикаға қарсы күрес бағытында көшпелі алқа мәжілісі өтті. Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша көлеңкелі экономиканы алдын алу бағытында күмәнді салық төлеушілерді анықтап және салықтан жалтаруға жол бермеу мақсатында цифрлық технологияны пайдалана отырып, жаңа тәсілдерді, іс-шара жоспарларды қабылдау ұсынылды.