
Шымкент қаласы бойынша МКБ басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Өзбековтың төрағалығымен «Әуежай Шымкент» кеден бекетінің қызметкерлерімен 19.07.2024 жылы жиналыс өткізіліп, кеден бекетінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау, сондай-ақ қызметтік этиканы сақтау мәселелері талқыланды.
Кездесуде Шымкент қаласы бойынша МКД Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Өзбеков мемлекеттік қызметшілерге қойылған талаптар мен қызметтік этика ережелерін түсіндіріп, қатысушыларды жұмыста және жұмыстан тыс уақытта қоғам тарапынан сын ескертпелерге жол бермеуге және әдеп ережелерін қатаң сақтауға, мемлекеттік қызметшіге жариялы түрде негізсіз айып тағылған кезде теріске шығару жөніндегі шараларды қабылдауға шақырды.
Отырыс барысында Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Өзбеков мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлықпен күресу жағдайын атап өтті.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың салдары мен жауапкершілігі туралы түсіндірме жасады.
Отырыс барысында, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және профилактикасы бойынша өзге де мәселелер талқыланды.
Кездесу соңында кеден бекеті қызметкерлеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жағымсыз материалдарға және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша бірқатар тапсырмалар мен нұсқаулар беріліп ескертулер жасалды.