Date of publication: 02.08.2024 17:44
Date of changing: 02.08.2024 17:48

26.07.2024 жылы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының алаңында бухгалтерлер, жеке кәсіпкерлердің қатысуымен жалпыға бірдей декларациялау, жеке тұлғалардың банкроттығы және қандай жағдайларда қате төленген соманы қайтару тәртібі бойынша "дөңгелек үстел" өткізді.

Іс-шара барысында Жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері түсіндірілді. 01.01.2024 ж. бастап үшінші кезеңі басталды, онда 250.00 кіріс нысанын заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары ұсынады, ал 2025 жыл 1 қаңтардан бастап азаматтардың қалған барлық санаттары декларацияны тапсыра бастайды.

250.00-нысанда Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлік, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша барлық банктік салымдар бойынша айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен жиынтық асатын сомада көрсетіледі, сондай-ақ 10 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш шегінде қолма-қол ақша қаражаты көрсетіледі.

Баяндамашылар декларацияны қағаз жеткізгіште және электронды түрде ұсынуға болатынына назар аударды. Бұл ретте Apple store немесе Play Market арқылы жүктеуге болатын "e-Salyq Azamat"мобильді қосымшасы арқылы декларацияны электронды түрде тапсырудың ең ыңғайлы тәсілі көрсетілген.

Сондай-ақ, декларацияны салық төлеушінің кабинеті арқылы ұсынуға болады (cabinet.salyk.kz.) eGov.M және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы.

Келесі тақырыб: Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы. Жеке тұлғалардың банкроттығы - бұл азаматтардағы қарыздарды төлеудің, коллекторлардың мазалауынан және үмітсіздіктің тұрақты сезімінен құтылудың заңды тәсілі, қарызды өтеу мүмкін болмаған жағдайда, азаматтардың адалдығы негізінде оны толық есептен шығаруы.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» ҚР Заңына сәйкес, қазақстандықтар банкроттыққа өтінішті eGov.kz порталы немесе e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы бере алады.