Date of publication: 19.11.2024 16:47
Date of changing: 19.11.2024 16:49

ҚР ҚМ МКК Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті қазір Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу ережелері мен олардың құжат айналымына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды. Осыған байланысты «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің сынақ серверінде (https://test3.esf.kgd.gov.kz:8443) ТІЖ бланкісі келесідей өзгертілді:

1. G-G10 бөлімдеріне «Таза салмақ» жаңа жолағының қосылуы. Таза салмақ ЕАЭО шеңберінде тауарларды әкеліп/әкету кезінде толтыру үшін міндетті болып саналады және ол килограммен көрсетіледі.

2. К бөліміндегі «Автомобиль көлігімен тасымалданатын жүк туралы деректер» бойынша өзгерістер. Бөлім Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің №546 «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығында қарастырылған талаптарға сай келтірілген.

Өзгертілген функционалмен танысып, қажет болған жағдайда мұны жеке есеп жүйелеріңізде ескерулеріңізді сұраймыз. ЭШФ АЖ-нің веб-порталында ТІЖ бланкісін биыл желтоқсан айында өзгерту жоспарланған.

Өзгертілген функционалмен танысып, қажет болған жағдайда мұны жеке есеп жүйелеріңізде ескерулеріңізді сұраймыз. ЭШФ АЖ-нің веб-порталында ТІЖ бланкісін биыл желтоқсан айында өзгерту жоспарланған.



Әзірлеуші арналған жинақты (SDK ТІЖ бланкі бойынша жаңартулармен) МКК сайтынан (https://kgd.gov.kz/ru/content/api-interfeys-elektronnye-scheta-faktury-1) жүктеп алуға болады.



Ал пайдаланушыларға арналған нұсқаулықпен https://kgd.gov.kz/ru/content/rukovodstvo-polzovatelya-1 сілтеме арқылы танысуға болады.



ТІЖ бланкілеріндегі өзгерістерге қатысты басқа да сұрақтар бойынша esfsd@kgd.minfin.gov.kz электронды поштасына немесе +7 (7172) 72-51-61 телефон нөміріне хабарласып, қажетті жауапты ала аласыздар.