
Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 21 қазанда А.С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының конференц залында, Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес кәсіпкерлердің фискалдық (кассалық) чектерді «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шығаруын қамтамасыз ету мақсатында «Тіл тазалығы – ұлт мәдениетінің айнасы» семинарын ұйымдастырып өткізді.
Семинар қатысушылары және «Сервиз плюс» ЖШС-ның менеджерлерімен түбіртектерді, «фискалдық чектерді» қазақ тілінде басып шығаруға кедергі келтіретін себептерді анықтау және бұл проблемаларды тиімді шешу жолдарын талқылады.