Date of publication: 07.04.2025 15:27
Date of changing: 07.04.2025 15:29
2025 жылғы сәуір айына арналған салықтар мен төлемдер күнтізбесі
 
1 сәуір 
Төлемдер:
- Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық. 
 
10 сәуір
Төлемдер:
-ЖТС/КТС бойынша есебі, жылдық декларация бойынша жер салығы, мүлік салығы және көлік құралдарына салынатын салық;
- Тіркелген шегерімді қолданатын арнаулы салық режиміндегі салықтар (3 жылға жеңілдіктерді қоспағанда);
- Үстеме пайда салығы.
 
15 сәуір
Салық есептілігі:
- 400.00 нысаны - акциздік салық декларациясы + 421.00 нысаны - құрылымдық бөлімшелер үшін.
 
21 сәуір
Салық есептілігі:
-328.00 нысаны бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
- 101.02 нысан бойынша декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуге тиіс КТС бойынша аванстық төлемдер сомасының есебi.
 
25 сәуір
Төлемдер:
- Төлем көзінен жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру;
- Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер;
- Төлем көзіндегі КТС;
- Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем
-Арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, СНР қолданатын ЖК табыстарынан ЖТС