
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен 2025 жылдың 2 сәуірінен бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Осыған орай, барлық мүдделі тұлғаларды аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз.
Мемлекеттік кірістер органдарының (салық және кеден қызметі) қызметіндегі нормативтік құқықтық актілердегі, сондай-ақ ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы және оларды жою бойынша ұсыныстар ulzhan.tast@mail.ru электрондық поштасы немесе 39-47-78 қызметтік телефоны арқылы 2025 жылдың 29 мамырына дейін қабылданады.