Date of publication: 03.07.2025 19:37
Date of changing: 03.07.2025 19:39
Құрметті салық төлеушілер!
 
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде 2025 жылы 3 шілдеде сағат 15:30-да басталған техникалық жұмыстар 18:00-ге дейін жалғасатынын хабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі  қолжетімді болмайды.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!
Бұл ретте, 2025 жылы 3 шілдеде «ЭШФ» АЖ-нің мерзімді қолжетімсіздігіне байланысты, қажет болған жағдайда салық төлеушілер ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін хабарлайды:
- 2025 жылғы 3 шілдеден бастап бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;
- 2025 жылғы 3 шілдеден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.
Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.