
Жаңа салық кодексінде келесі үш арнаулы салық режимі көзделген: өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар үшін; оңайлатылған декларация негізіндегі режим; шаруа және фермер қожалықтары үшін.
1.Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР
- Осы режимді қолдануды жоспарлап отырған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынуы қажет.
- Егер көрсетілген мерзімде хабарлама ұсынылмаса, салық төлеушілер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауыстырылады.
Хабарламаны:
-Салық төлеушінің кабинеті (АЖ СӘИЖ жүйесінде «Құжаттарды тапсыру» — «Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама» бөлімі).
-«E-Salyq Business» арнайы мобильді қосымшасы арқылы («Қызмет» — «ЖК салық салу режимін өзгерту» бөлімі).
-Қағаз нұсқада орналасқан жері бойынша МКБ арқылы;
-Банктердің мобильді қосымшалары арқылы (қазіргі уақытта бұл сервис Kaspi Bank қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» — «ЖК реквизиттері мен салық режимін өзгерту» бөлімінде іске асырылған) беруге болады.
2.Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режиміне көшу
-2026 жылғы 1 наурыздан бастап салық органдары 2025 жылы патент негізіндегі АСР немесе арнайы мобильді қосымшасы арқылы АСР қолданған салық төлеушілерді ЖК ретінде есептен автоматты түрде шығарады.
-Есептен шығару күні ретінде 2026 жылғы 1 қаңтар танылады, бұл ретте салық төлеушінің есептен шығу туралы өтінішті өз бетінше беру құқығы сақталады.
- Егер салық төлеуші қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама тапсырып, өзге режимді таңдаған жағдайда, есептен шығару жүргізілмейді. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР қолдана басталған күні ретінде «E-Salyq Business» мобильді қосымшасында алғашқы чек қалыптастырылған күннен танылады.
3.Шаруа және фермер қожалықтары (ШФҚ) үшін арнаулы салық режиміне көшу
-Аталған режимге көшу 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық органдары арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады және хабарлама тапсыруды талап етпейді.






























