Date of publication: 21.09.2018 13:13
Date of changing: 21.09.2018 13:14

1. Адамдар сыйлық алған (анықтаған) күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде (адамдардың ыхтиярынсыз түскен; оның лауазымды қызметіне немесе қызметтік міндеттерін орындауға байланысты адамға берілген; жария немесе оның лауазымды қызметіне немесе қызметтік міндеттерін орындауға байланысты ресми іс-шаралар кезінде алынған (тапсырылған) сыйлықты  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе жергілікті атқарушы органдарға (бұдан әрі – ЖАО) тапсырады.

Сыйлықты тапсыруды адам сатып алу туралы не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) қоса бере отырып, белгіленген нысан бойынша уәкілетті орган немесе ЖАО жасаған мүліктің тізімдемесі, бағалау және (немесе) қабылдап алу-тапсыру актісі бойынша жүзеге асырады.

 

2. Хабарлама мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:

- уәкілетті орган немесе ЖАО атауы;

- сыйлықты тапсырып отырған адамның Т.А.Ә, оның лауазымы, жұмыс орны, байланыс деректері;

- сыйлықтың атауы, оның саны мен қысқаша сипаттамасы;

- сыйлықты сатып алуға келісетіні не сатып алудан бас тартатыны туралы ақпарат.

Бұл ретте, сыйлықты сатып алған жағдайда, хабарламаға жоғары тұрған лауазымды адам сатып алуды келісу туралы белгі қояды (Т.А.Ж., лауазымы, мөрмен расталған қолы)

3. Сыйлықты ЖАО тапсырған кезде, ЖАО 5 жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаны уәкілетті органға жібереді. ЖАО тапсырылған сыйлықтар жоғарыда көрсетілген мерзімде есепке алуды, сақтауды және бағалауды ұйымдастыру үшін уәкілетті органға берілуі тиіс.

 

4. Уәкілетті орган сыйлықты тапсырған адамнан хабарлама алғаннан кейін күнтізбелік 7 күн ішінде сыйлыққа бағалау жүргізеді және көрсетілген адаммен сатып алу-сату шартын жасасады. 

Бұл ретте адамдардың ЖАО-ға тапсырған сыйлықтары бойынша бағалауды жүргізу және сатып алу-сату шартын жасасу мерзімі ЖАО-дан тиісі хабарламаны алған сәттен бастап есептеледі.

 

5. Уәкілетті органның арнайы мемлекеттік қордан сыйлықты сатуға сыйлықты тапсырған адам сатып алудан жазбаша бас тартқаннан кейін ғана құқығы бар.

 

Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті