Date of publication: 21.09.2018 14:45
Date of changing: 21.09.2018 14:46

Жекеленген мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру нысандарының бірі, азаматтардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүргізілетін, мемлекеттік қызмет болып табылаты. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарымен бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсетілуде, олардың бірі «Кедендік баждар, салықтар төлемін қамтамасыз етулерді тіркеу» болып табылады. Аталған мемлекеттік қызмет, бекітілген регламентпен стандартқа сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға ақысыз түрде көрсетіледі, қызмет көрсету нысаны – қағаз жүзінде. Қызмет бекітілген жұмыс тәртібіне сәйкес көрсетіледі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес, демалыс және мерекелік күндерді ескермегенде, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбі күні мен жұма күндері аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі. «Кедендік баждар, салықтар төлемін қамтамасыз етулерді тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету үшін, құжаттар тізімі: 

      1) мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен бекітілген, нысан бойынша өтініш;

      2) таңдаған кедендік баждардың, салықтардың төлемін қамтамасыз әдісіне байланысты, кедендік баждардың, салықтардың төлемін қамтамасыз етілгенін растайтын, төмендегі құжаттардың бірі:

      мемлекеттік кірістер органдарының ақшалай қаражаттарды уақытша сақтау шотына ақшаларды аудару туралы төлем құжатының көшірмесі;

      төлеуші мен мемлекеттік кірістер органы арасында жасалған, мүлік кепілі келісімшарты және мүлік кепілінің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебі;

      банк-кепілдеуші және төлеуші арасында жасалған, банк кепілдемесі келісімшарты және банктік кепілдеме;

      кепілдік келісімшарттары;

      сақтандыру келісімшарты.

      Аталған тізімге сәйкес құжаттар тізілімі толық ұсынылмаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттар ұсынылған жағдайларда қызметкөрсетуші өтінішті қабылдаудан бас тартады. 

      Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде кедендік баждар, салықтар төлемі бойынша міндеттерді орындау негізінде келесі жағдайларда қамтамасыз етіледі:

- тауарларды шығару мерзімінде аяқтауға мүмкіндігі жоқ, кедендік, басқа да құжаттар және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталғанға дейін тауарларды шығару;

- кедендік сараптама қорытындысы нәтижелерін алғанға дейін тауарларды шығару;

- тауар алушының қоймасында тауарларды уақытша сақтау.

       2018 жылдың тамыз айында «Кедендік баждар, салықтар төлемін қамтамасыз етулерді тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету барысында төлеушілердің өтініштері негізінде Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етулердің 37 есеп нысандары ресімделді және тіркелді. Олардың ішінде: 

- сақтандыру келісімшарттарын пайдалану арқылы – 3 нысан;

- кеден органының ақшалай қаражаттарды уақытша сақтау шотына төленген, ақшамен – 34 нысан.