
Шымент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 11.09.2018 жылы Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасының Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы А.Ақмағамбетовтың қатысуымен Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқоролықпен күресу мәселелері бойынша жиналыс өткізілді.
Жиналысқа Департаменттің барлық басқарма мен бөлім басшылары, Шымкент қаласындағы МКБ мен кеден бекеттерінің басшылары қатысты.
ІҚБ басшысы бұрыңғы ОҚО бойынша МКД уақытында орын алған сыбайлас жемқорлық фактілерін атап өте отырып, жекелеген фактілерге ерекше тоқталып өтті.
Осылайша, А.Ақмағамбетов қатысушыларды өздерінің қарамағындағы қызметкерлердің заңсыз іс-әрекеттері үшін қатаң дербес жауапкершілікте екендерін ескертті.
Сондай-ақ, А.Ақмағамбетов Шымкент қаласы бойынша МКД қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықты жою мен күресудің басқа да мәселелерін талқылады.
Департаменттің ІҚБ-ның аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Е.Шынәділ сөз сөйлеп, республика бойынша ағымдағы жылдың 8 айындағы мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлық жағдайы туралы шолу хатпен таныстырып, барлық басшыларды сыбайлас жемқорлықтың ішкі талдау жұмыстарына белсенді қатысып, дәлелді ұсыныстар енгізуді сұрады.
Басшылық құрамның жиналысында сөз сөйлеген Депаратменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Тленшин мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексін сақтаудың негізгі аспектілеріне тоқталып өтіп, барлық қызметкерлерді қарамағындағы бөлімшелерде еңбек пен атқарушылық тәртіптің сақталуын қатаң бақылауға алуға шақырды, сондай-ақ Әдеп кодексінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы маңызы туралы түсіндірме жасады.
Жиналысты қорытындылай келе, А.Ақмағамбетов барлық басшылық құрамдағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлықпен күресуге белсенді түрде қатысуға, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлеріне салықтөлеушелермен пара мен сыйлықтар беру фактілерін әшкерелеуге ерекше мән беріп, бұл бағыттағы жұмыстары күшейтуге шақырды.
Шымкент қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті