Date of publication: 24.09.2018 17:58
Date of changing: 24.09.2018 17:59

         Ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы Өндірістік емес төлемдер бөлімінің жетекші маманы Дархан Джиенбаев жергілікті «Оңтүстік» телеарнасына көлік құралдары салығы бойынша сұхбат берді.

Ол өз сұхбатында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексінің 490-496 баптарына сәйкес, көлік құралдары салығын төлеуші болып табылатын және көлік құралдары салығын төлеуші болып табылмайтын тұлғалар,  салық салу объектілері, салықтық мөлшерлемелер, салықты есептеу тәртібі, салықты төлеу мерзімдері мен тәртібін баяндады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 495-бабына сәйкес, 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл көлiк құралдары салығын есептеу үшін салық кезеңi болып табылатындығын атап өтті.

Сұхбат соңында Департамент маманы Шымкент қаласының тұрғындарын ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей, 2018 жылға көлік құралдары салығын төлеуге шақырды.

 

Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті