
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында (25 желтоқсан 2017 ж. №120-VI ҚРЗ қабылданған) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» жаңа Салық Кодексі қолданысқа енгізілді.
Сонымен қатар, 2017 жылдың 25 желтоқсанында Мемлекет басшысы аталған заңмен қатар мына келесі заңдарға қол қойды: Cалық кодексінің қолдану мерзімдерін айқындайтын «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы №121-VI ҚРЗ және салық салуға байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
Енді Салық Кодексіндегі өзгерістерге байланысты салық төлеушілер міндетті түрде көрсетілген нормативтік актілерді білгені жөн. Өйткені ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы №121-VI ҚР Заңына сәйкес, кодекстің кейбір баптардың қолдану мерзімдері қолданысқа енгізілген 2018 жылдың 1-ші қаңтарынан емес, мәселен, 2019 жылдың 01 қаңтарынан, не болмаса 2020 немесе 2024 жылдың 1 қаңтарында деген мерзімдер қарастырылған.
Мысалы, жаңа кодекстің 48 бабының 2 тармағында талап қою мерзімі үш жылды құрайды. Бірақ, ҚР Салық Кодексін қолданысқа енгізу туралы Заңының 7 бабымен аталған әрекет 2020 ж. 01 қаңтарына дейін тоқтатылған, демек талап-арыздың ескіру мерзімі үш жыл емес, 5 жыл болып саналады.
Тағы бір мысал: Салық кодексінің 703 бабының 1 тармағына сәйкес шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін акцизделетін тауарларды өндіру,қайта өндеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, салықтық кезеңде ауыл шаруашылығы өнімін, өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, өнімдерін өткізуден алған кіріс салық салу объектісі болып табылады.
Бұл ретте, осы кодекстің 704 бабы, бірыңғай жер салығын Есептеуді есепті салық кезеңі үшін, салық төлеуші, салық салу объектісіне 0,5% пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдануы қарастырылған.
Бірақ, ҚР Салық Кодексін қолданысқа енгізу туралы Заңының 50-бабында салық кодексінің 703 және 704 баптарының қолданысы 2020 жылдың 1-ші қаңтарына дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган берген жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау актісі негізінде белгіленген жер учаскесінің бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін салық салу объектіcі болып табылады.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган берген жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау актісі болмаған кезде жер учаскесінің бағалау құны жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген деректер бойынша аудан, қала бойынша орташа жердің 1 гектарының бағалау құны және жер учаскесі алаңы негізге алына отырып, айқындалады.
Егістік бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына жер учаскелерінің жиынтық алаңын негізге ала отырып, мынадай мөлшерлемелерді қолдану жолымен жүргізіледі:
Ретт. № |
Жер учаскелерінің алаңы (гектар) |
Салық мөлшерлемесі |
1. |
500-ге дейін |
0,15 % |
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы ҚР №121-VI Заңын және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР №122-VI Заңын ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтынан қарап, жүктеуге болады. https://kgd.gov.kz/ru/section/zakony-rk
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті