
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Акцизделетін тауарларды әкімшілендіру бөлімінің мамандары Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы және алкоголь өнімінің айналымына қатысатын салық төлеушілермен семинар-кеңес өткізді.
Жиналған салық төлеушілер алдында аталған бөлімнің бас маманы Акшолақова Шолпан Санжарқызы баяндама жасап, келесідей ақпараттармен бөлісті. «Қазіргі таңда, әлемдегі алкоголь өнімдеріне деген сұраныс, біздің елімізде де байқалады. Сол себепті, тұрақты сұраныс нәтижесінде табыс көлемі де ұлғаюда. «Этиль спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу» Заңының басты мақсаты көлеңкелі экономикамен күрес болып табылады. Бүгінде Мемлекеттік кірістер органдарында көлеңкелі алкоголь өнімдерінің айналымы тұрақты бақылауға алынған. Бұл бағытта талдау және жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Алайда, біршама заң бұзушылықтардың жолын кесу үшін атқарылған іс-шараларға қамастан, алкоголь өнімі заңсыз жүзеге асырылуда.
Алкоголь өнімдерін «тәуекелдер» бөлшек сауда желісінде жүзеге асыратын салық төлеушілер қатарына алкоголь өнімдерін ілеспе жүкқұжаттарынсыз алатын салық төлеушілер жатады, ал бұл өз кезегінде қолданыстағы заң нормаларын бұзу болып табылады.
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу (этил спирті мен алкоголь өнімдерін ілеспе жүкқұжаттарынсыз айналымы мен орнын өзгерту) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің 282 бабы 3 тармағының 7 тармақшасына сәйкес, құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болып табылған акцизделетiн тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – елу (120250тг.), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс бес (180375тг.), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу (360750тг.), iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз (481000тг), ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз (1443000 тг) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті