
Ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аудит басқармасының бөлім басшысы Ш.Уразов және Камералды бақылау басқармасының бөлім басшысы Б.Орынбаев өз салаларына қатысты заңнама нормаларын түсіндіру мақсатында жергілікті телеарналарға сұхбат берді.
Өз сұхбатында Департаменттің №3 аудит бөлімінің басшысы Ш.Уразов «Салықтық тексерудің алдын ала актілері бойынша» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұрығына сәйкес, келесідей түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Салықтық тексерудің алдын ала актілеріне салық төлеушілер тарапынан жазбаша қарсылық беру бойынша салықтық әкімшіліктендіруді жақсарту мақсатында 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Салық Кодексіне салықтық тексеру аяқталмай жатып тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беру құқығы берілген.
Алдын ала актілерін табыс ету нормалары, салық төлеушінің қосымша құн салығының артық сомасын қайтару бойынша өтініші және резидент емес тұлғалардың бюджеттен корпоративтік табыс салығын қайтару бойынша өтініші негізінде жүргізілетін тексерулерде қолданылмайды.
Салық төлеушілердің алдын ала актілерге жазбаша қарсылықтарын тиімді және сапалы қарау мақсатында, бұл норманы қолдану барлық санаттағы салық төлеушілермен әр кезеңдерде жүзеге асырылады.
Аталған норманы 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап мониторингте тұрған және инвестициялық келісім түзген салық төлеушілер қолданса, 2018 жылдың 18 ақпанынан бастап салықтық тексеру актілері бойынша қосымша есептелген сомалар 50 000 АЕК (120 250 000 теңге) асатындар, 24.09.2018 жылдан бастап 20 000 АЕК асатын салық төлеушілер қолдана алады. Бұл норма Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1 тамыз 2018 жылғы №726 бұйрығымен бекітілген.
Салық төлеушіге (салық агентіне) алдын ала салықтық тексеру актісі салықтық тексеруді жүргізу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 5 жұмыс күн бұрын жеке қолын қойдырып табыс етіледі.
Бұл артықшылықтар салық төлеушілердің дауға байланысты шығындарын азайтып, мемлекеттік кірістер органдары өздерінің нақты ұстанымдарын айқындап, қателікті акті аяқталмай жатып түзетуіне, методологиялық өзгерістер енгізуге мүмкіншілік береді. Сонымен қатар, бұл салықтық тексеру актілерінің сапасын арттыруға, салықтық тексеру актілерінің қорытындысы бойынша хабарламаларға берілетін шағымдар санының азайуына оң септігін тигізеді.
Ал, Департаменттің №2 камералды бақылау бөлімінің басшысы Б.Орынбаев, заңнамадағы камералды бақылау саласындағы соңғы өзгерістерді атап өтіп, тілшілердің сұрақтарына толыққанды жауаптар берді.
Шымкент қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті