Date of publication: 03.10.2018 09:01
Date of changing: 03.10.2018 09:02

Еуразиялық экономикалық одағының Кеден кодексі Еуразиялық экономикалық одағында бірыңғай кедендік реттеуді қамтамасыз етеді.

            Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) Кеден кодексінің жаңалықтарының бірі, Еуразиялық экономикалық одағының тауарларын (Одақ тауарлары) ЕЭО кеден аумағының бір бөлігінен ЕЭО мүшесіне жатпайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен ЕЭО кеден аумағының басқа бөлігіне тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит кеден рәсімін қолдану, аяқтау және тоқтату ерекшеліктері туралы Кодекстің 304 бабында көзделген.

            Аталған Кодекстің 304-бабының 5-тармағына сәйкес, Одақ тауарларын кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыруына байланысты кедендік операциялар, төмендегі жағдайларда көрсетілген тауарлардың жіберушісі орналасқан кеден органының аумағында ғана жасалады:

  • Одақ тауарлары жолаушылар пойыздарының құрамына кіретін почта және багаж (почта-багаж) вагондары арқылы тасымалданатын жағдайлардан басқа Одақ тауарлары теміржол арқылы тасымалданады;
  • ЕЭО-на мүше мемлекетте кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар, мұндай тауарларға арналған кедендік баждардың ставкалары белгіленеді;
  • Одақ тауарларын тасымалдау шарттары ЕЭО-ның мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарындағы жүк операцияларының орындалуын көздейді.

            Одақ тауарларының ЕЭО кеден аумағынан кету орындарында орналасқан шекара өткiзу пункттерiнде көлiк құралдарының кептелісін болдырмау мақсатында мүдделі тұлғалардың Кодекстің талаптарын сақтауды және тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыруды ЕЭО кеден аумағынан кету орнында орналасқан кеден органына ұсыну керектігін Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті назарларыңызға жеткізеді.

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы