Date of publication: 08.10.2018 18:23
Date of changing: 08.10.2018 18:25

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер бастамасымен 2018 жылдың 1-қазанына бастап 1-қараша аралығында «Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің ең үздік PR стратегиясы» республикалық конкурсы өткізіліп жатқандығын хабарлайды.

          Конкурсқа мемлекеттік кірістер органдарының имиджін арттыру және қызметін жетілдіру, қызметшілерінің әлеуетін іске асыру және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік кірістер органдарының PR-стратегиясын және ішкі корпоратвитік коммуникацияларды іске асыру мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының әр қызметшілері қатыса алады.

Аталған іс-шара бойынша Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2018 жылғы 03 қазандағы №91 Бұйрыққа қол қойылған. Бұйрықты жүктеу.

Конкурсты өткізу шарттары туралы ақпаратпен PRkonkurs_kgd@mgd.kz электронды мекенжай арқылы таныса аласыздар.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары қызметшілерін конкурсқа белсенді қатысуға шақырамыз!

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті