
Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, жеке тұлғаларға жылжымайтын мүлікті жалға беру құқығы берілген. Осы орайда, аталған санаттағы азаматтарға бюджет алдындағы салықтық міндеттемелерін орындаудың ерекшеліктерін ескеру қажет. Ол екі жолмен жүзеге асырылады:
- Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, егер жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен жылдық табыс 12 еселенген ең төменгі айлық жалақы мөлшерінен аспаса, жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуіне болады. (2018 жылы ТАЖ 28 284 теңге және бұл сомма 339 408 теңгені құрайды.
Сонымен қатар, жалға берушілер есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салықтық есептілігін өз еркімен тапсыруы тиіс және салықтық есептілігін тапсырғаннан кейін он күн ішінде жалға беруден тапқан табысынан 10 пайыз салық төлеуі тиіс.
- Жалға берушілер жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, егер жылдық табыс мөлшерлемесі 300 еселенген ТАЖ мөлшерлемесінен аспаса, арнаулы салық режимінде патент негізінде 1 пайыз салық мөлшерлемесінде салық төлеуіне болады. Ағымдағы жылы бұл сомма 8 485 200 теңгені құрайды.
Жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелуді «Электронды үкімет» порталы арқылы да жүзеге асыруға болады.
Салықтық есептілікті мерзімінде тапсырмау, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлікті тіркеусіз жүзеге асыру әкімшілік жауапкершілікке алып келеді. Алғашқы кезде оған ескерту жасалады, қайталап жасау айыппұл төлеуге алып келеді.
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабына сәйкес, Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылатындығын назарларыңызға жеткізеді.
Р.Алеева,
Шымкент қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті
Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы