
Мемлекеттік кірістер органының басты міндеті – салықтық, кедендік төлемдердің бюджетке толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету.
2018 жылдың 9 айдың қорытындысымен біздің Департамент салықтардың бюджетке түсуін қамтамасыз етті. Атап айтқанда мемлекеттік бюджетке 139,9 млрд.тг. түссе, оның ішінде республикалық бюджетке 69 млрд. 278 млн.тг. және жергілікті бюджетке 60 млрд. 662 млн. тг. қамтамасыз етілді. 2017 жылдың 9 айымен салыстырғанда Шымкент қаласының жергілікті бюджет түсімдері 8 млрд. 947 млн. теңгеге артып отыр деп, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Талдау және тәуекелдер бөлімінің басшысы Г.Ажиметова жергілікті телеарналарға берген сұхбатында баяндады.
Бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етуде камералды бақылау, өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіруді күшейту және жергілікті атқарушы, құзіретті органдармен бірлесе атқарған жұмыстардың нәтижесінде, жылдың басынан бюджетке қосымша анықталған ішкі резервтер есебінен жалпы 7 млрд. 592 млн.тг. өндірілді немесе жалпы түсімдердің 7%-дан астамын құрады.
Біздің басты міндетіміз салық түсімдерін қамтамасыз ете отырып мемлекеттің экономикасының дамуына, халықтың әлеуметтік ахуалының жақсаруына және басқа да салалардың өркендеуіне үлес қосу.
Шымкент қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті