
Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кедендік реттеу туралы» Кодексінің 44, 45, 46 - баптарымен регламенттеледі.Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді уәкілетті орган не уәкілетті орган айқындаған кеден органы (кеден органдары) қабылдайды.
Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім белгілі бір марканы, модельді, артикулды және түрленімді қамтитын тауардың әрбір атауы бойынша қабылданады. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2018 жылғы 17 сәуірдегі №58 Шешіміне сәйкес Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімінің нысаны, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешіміне өзгерістер (қосымшалар) еңгізу және толтыру ережесімен анықталады.
Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау үшін өтініш беруші тұлға кеден органына Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 200 бұйрығымен бекітілген өтініштің нысаны бойынша электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі түрінде тапсырады.
Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түріне жатады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығымен бекітілген "Тауарларды жіктеу жөнінде алдын ала шешімдер қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш тауардың толық коммерциялық атауын, фирмалық атауын (тауар белгісін), негізгі техникалық және коммерциялық сипаттамаларын және тауарды біржақты сыныптауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты, сондай-ақ тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алымның төленгені туралы мәліметті қамтуға тиіс.
Қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтінішке тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алымның төленгені туралы құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
Қажет болған жағдайда, кедендік сараптама жүргізу үшін тауардың сынамалары және (немесе) үлгілері, сондай-ақ фотосуреттері, суреттері, сызбалары, бұйымдардың паспорттары және тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау үшін қажетті, өтініш иесінің мөрімен (ол болған жағдайда) куәландырылған басқа да құжаттар ұсынылады. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім кеден органында тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш тіркелген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім ол қабылданған күннен бастап үш жыл бойы қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысына сәйкес, сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау үшін 32000 теңге көлеміндегі кедендік алым мөлшерлемесі бекітілген.
Шымкент қаласы бойынша МКД
Тарифтік реттеу басқармасы
жетекші маман З.Джакипбекова