
Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлт жоспары- бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам бағдарламасының 42-қадамы - жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау және бұл талап заң жүзінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Декларацияны мынадай тұлғалар тапсырады:
- Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы;
- Оралман және тұруға ыхтиярхаты бар ҚР резиденті;
- Атына мүлік тіркелген жағдайда кәмелетке толмаған адам болып табылатын жеке тұлға;
- Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан аумағында мүлкі немесе төлем көзінен емес, өз бетінше салық салуға жататын қазақстандық табыс көздерінен табысы болған жағдайда;
Жеке тұлғалармен активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру кезінде декларациялау жүйесіне енетін жылдың алдыңғы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша келесідей ақпараттар көрсетіледі:
- Жеке тұлғаның меншік құқығындағы мүлкі туралы;
- Жеке тұлғаның талаптары мен міндеттемелері туралы;
Жеке тұлғаның кірістер мен мүлік туралы декларацияда есепті жыл кезеңіндегі табысы туралы және мүлікті алу немесе сату (беру) туралы мәліметтер толтырылады.
Декларацияны толтыру үшін төмендегідей құжаттар қажет:
- Жылжымайтын мүлік бойынша, кадастрлық нөмірі немесе басқа да сәйкестендіру нөмірі көрсетілген құқығын растайтын құжаттар (меншік иесі туралы мәліметтер немесе пәтердің техникалық куәлігі)
- Көлік құралдары бойынша – VIN код немесе қозғалтқыш нөмірі көрсетілген көлік құралының тіркеу туралы куәлігі;
- Құнды қағаздар – құнды қағаздардың эмиссиясының сәйкестендіру нөмірі көрсетілген құқығын растайтын құжат;
- Заңды тұлғалардағы қатысу үлесі - қатысу үлесі көрсетілген заңды тұлғаның БСН-і;
- Инвестициялық пай қорларындағы үлесі – пайдың құны және құнды қағаздар эмиссиясының сәйкестендіру нөмірі көрсетілген құқығын растаушы құжат;
- Тұрғын үй құрылысындағы қатысу үлесі – тұрғын үй салушының БСН-і мен келісім-шарт бойынша міндетті төлем шотына енгізілген сомма көрсетілген қатысу үлесінің келісім-шарты;
- Басқа тұлғалардың Сізге берешегі (дебиторлық берешектер);
- Басқа тұлғалардың Сізге берешегі (дебиторлық берешектер) – қарыз алушының ЖСН/БСН көрсетілген нотариалды куәландырылған қарыз алу туралы келісім-шарт және қарыздың соммасы;
- Басқа тұлғалардың алдындағы Сіздің берешегіңіз, (кредиторлық берешектер) қарыз берушінің ЖСН/БСН көрсетілген нотариалды куәландырылған келісім-шарт және берешек соммасы;
- Биологиялық активтер – ветеринарлық куәлік немесе осындай активтерге құқықты растаушы басқа да құжаттар;
- Мәдени құндылықтар – ұлттық мәдени құндылықтардың мемлекеттік тізіліміне енгізілгендігін растайтын құжаттар;
Активтер мен міндеттемелер туралы алғашқы декларацияда төмендегі ақпараттар көрсетіледі:
- Мүлкі туралы (ақша, құнды қағаздар, жылжымайтын мүлік, жер телімдері, көлік құралдары және т.б.), жеке тұлғалардың талаптары мен міндеттемелері туралы;
- ең төмен жалақының 500 еселенген мөлшерінен аспаған ақша қаражаты туралы;
- Шетел банктеріндегі депозиттері, кредиттері;
- Ең төмен жалақының 500 еселенген мөлшерінен асатын басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегінің соммасы, оны растаушы келісім-шарт немесе басқа да құжаттар болған жағдайда;
Сонымен қатар, жеке тұлғалар декларация тапсыру барысында қалауы бойынша келесідей ақпараттарды көрсете алады:
- Мәдени құндылықтардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген мәдени құндылықтар;
- Асыл тастар, бағалы тастары бар зергерлік бұйымдар және басқа да заттар, сонымен қатар, өнер туындылары және антиквариант (бағасы ең төмен жалақының 500 еселенген мөлшерінен асатын, бағасын растайтын құжаттары болуы);
- Биологиялық активтер – ветеринарлық куәлік немесе осындай активтерге құқықты растаушы басқа да құжаттары болған жағдайда;
- Басқа да мүліктер, олардың бағасын растаушы құжаттар болған жағдайда;
Кезекті кірістер мен мүлік туралы қысқаша декларация (1 паратқа) төмендегі тұлғалардың тапсыруына арналған.
- Кіріс алмаған тұлғалар немесе тек қана жалақы, зейнетақы, шәкіртақы алған тұлғалар;
- Мемлекеттік қызметші, депутат, судья, банктің ірі қатысушысы, жеке кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болып табылмайтын тұлғалар;
- Мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті алмаған, қайтарымсыз негізде алмаған, сатпаған тұлғалар;
Жыл сайынғы кірістер мен мүлік туралы декларацияды төмендегі мәліметтер көрсетіледі:
- Кірістер, оның ішінде жеке кәсіпкердің, жеке нотариустың, адвокат, жеке сот орындаушысы, медиатордың кірістері;
- Мүлік, мемлекеттік тіркеуге жататын құқықтар мен келісімдер (алу, оның ішінде қайтарымсыз негізде алу немесе сату);
- Жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, қатысу үлесі, инвестициялық алтын, өндірілген қаржы құралдарын сатып алуға кеткен шығындар. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыруға уәкілеттілік берілген адамдар және олардың жұбайлары осындай шығындардың көздерін декларациялауға міндетті (өз қаражаты, қарызға алған қаржы, қайтарымсыз алынған құралдар)
Жеке тұлғаларға әлеуметтік шегерімдер ретінде қосымша салықтық шегерімдер қарастырылған:
- Көпбалалы отбасы үшін – 24 ЕТЖ мөлшерінде;
- Оқу ақысын төлеу үшін – 10 ЕТЖ мөлшерінде;
- Банк қарызы бойынша сыйақыны төлеуге – 10 ЕТЖ мөлшерінде;
Жұмыскерлерге негізі жұмыс орны бойынша жалақы төлеу барысында шегерімдерді жұмыс берушілер қолданады.
Өзін өзі жұмыспен қамтыған немесе қосымша табыс көздерінен кіріс алушы тұлғалар шегерімдерді кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру барысында қолданады.
10 пайыз мөлшерлемесімен есептелінетін жеке табыс салығын салу кезінде салықтық шегерімдер қолданылады.
Декларацияларды тапсыру мерзімдері – қағаз түрінде 15 шілдеден кешіктірілмей, электронды түрде – 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсырылады.
Шымкент қаласы бойынша
Мемлекеттік Кірістер Департаменті
Түсіндіру жұмыс басқармасы