
Салықтық тексерудің алдын ала актілеріне салық төлеушілер тарапынан жазбаша қарсылық беру бойынша салықтық әкімшіліктендіруді жақсарту мақсатында 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Салық Кодексіне салықтық тексеру аяқталмай жатып тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беру құқығы берілді.
Бұл нормаларды қолдана алатын салық төлеушілердің санаттары уәкілетті органмен бекітіледі.
Осы енгізілген өзгерістердің мақсаты, актілерге байланысты дауларды сотқа дейін мемлекеттік кірістер органдарының ішінде қарап, заңды шешім қабылдау.
Бұл салық төлеушілердің дауға байланысты шығындарын азайтып, мемлекеттік кірістер органдары өздерінің нақты ұстанымдарын айқындап, қателікті акті аяқталмай жатып түзетуіне, методологиялық өзгерістер енгізуге мүмкіншілік береді. Сонымен қатар, бұл салықтық тексеру актілерінің сапасын арттыруға, салықтық тексеру актілерінің қорытындысы бойынша хабарламаларға берілетін шағымдар санының азайуына оң септігін тигізеді.
Алдын ала актілерін табыс ету нормалары, салық төлеушінің қосылған құн салығының артық сомасын қайтару бойынша өтініші және резидент емес тұлғалардың бюджеттен корпоративтік табыс салығын қайтару бойынша өтініші негізінде жүргізілетін тексерулерде қолданылмайды.
Салық төлеушілердің алдын ала актілерге жазбаша қарсылықтарын тиімді және сапалы қарау мақсатында, бұл норманы қолдану барлық санаттағы салық төлеушілермен әр кезеңдерде жүзеге асырылады.
Аталған норманы 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап мониторингте тұрған және инвестициялық келісім түзген салық төлеушілер қолданса, 2018 жылдың 18 ақпанынан бастап салықтық тексеру актілері бойынша қосымша есептелген сомалар 50 000 АЕК (120 250 000 теңге) асатындар, 24.09.2018 жылдан бастап 20 000 АЕК асатын салық төлеушілер қолдана алады. Бұл норма Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1 тамыз 2018 жылғы №726 бұйрығымен бекітілген.
Салық төлеушіге (салық агентіне) алдын ала салықтық тексеру актісі салықтық тексеруді жүргізу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 5 жұмыс күн бұрын жеке қолын қойдырып табыс етіледі.
Алдын ала салықтық тексеру актісіне жазбаша қарсылық салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органына алдын ала салықтық тексеру актісін табыс еткен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде, келу тәртібімен ұсынылады.
Алдын ала салықтық тексеру актісіне жазбаша қарсылық, онда көрсетілген мәселелер шегінде, оны алған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралады. Сұрау салу салық төлеушіге және уәкілетті мемлекеттік органдарға және де өзге де ұйымдарға, сондай-ақ комитетке жіберілген жағдайда, қарау мерзімі 30 күнтізбелік күнге ұзартылады.
Салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы салық төлеушінің (салық агентінің) алдын ала актіге байланысты жазбаша қарсылығымен келіспеген жағдайда, салықтық тексеруді жүзеге асырған мемлекеттік кірістер органы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сұрау жолдайды.
Салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының сұрау салуына жауап, оны алған сәттен бастап Комитеттің тиісті актісімен уәкілеттік берілген лауазымды адамының қолын қойып, 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беру нормасы енгізілгелі бері, осы санатқа жататын 11 алдын ала салықтық тексеру актілері табыс етілді. Бүгінгі таңға, аталған салық төлеушілер тарапынан Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жазбаша қарсылық келіп түскен жоқ.
Шымкент қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті