Date of publication: 24.10.2018 11:04
Date of changing: 24.10.2018 11:05

Ағымдағы жылдың 18 қазан күні Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы Архарбай Алия жергілікті «ТВК» телеарнасына  Шымкент қаласының Мемлекеттік кірістер органдарының жаңа кодтары енгізілу және ақпараттық жүйелерде мәселелер туындағаны туралы сұхбат берді.

Ол өз сұхбатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымындағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала болып белгіленгенін атап өтті. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен бөліп шығару жолымен, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті құрылып жаңа кодттар белгіленді, олар;

- Шымкент қаласы бойынша МКД-5901,

- «Оңтүстік» МКБ-5902

- Әл-Фараби ауданы бойынша МКБ-5903,

- Абай ауданы бойынша МКБ-5904,

- Еңбекші ауданы бойынша МКБ-5905,

- Қаратау ауданы бойынша МКБ-5906,

-Шымкент қаласы МКБ -5907.

Сонымен қатар, бөліну салдарынан кейбір ақпараттық жүйелер, Бірыңғай салықтық ақпараттық жүйесі мен оның қосымшаларында, салық төлеушінің кабинетінде уақытша техникалық ахаулықтар туындап, электрондық қызметтерді алу қиындыққа соғып отыр.

Мысалы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, патент алу, қызметін тоқтату, бақылау-кассалық машинасын тіркеу және т.б.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, ақпараттық жүйелердің жұмысын қалыпты жағдайына келтіруге яғни электрондық қызметтерді  қолжетімді болуына барлық жағдай жасауда деп  қала тұрғындарын, салық төлеушілерді орын алған жағдайға түсіністікпен қарауға шақырды.

 

Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті