
15 қазан 2018 жылы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұйымдастыруымен, бюджет алдында берешегі бар мекемелерге қатысты мәжбүрлеп өндіру шаралары, борышкерге банкрот, оңалту және төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімдері жөнінде ашық есік күні өтті. Сонымен қатар, ҚР Салық Кодексінде көрсетілген салықтарды және (немесе) төлемақыларды кейінге қалдыруды немесе мерзімін ұзарту бойынша салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қоюмен және банк кепілдігімен жүргізілетін тәртібі мен шарттары, салық берешектерін дебиторлар арқылы өндіру, мүлікке шектеу қою арқылы өндіру бойынша сұрақтары талқыланды.
Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы