
2018 жылдың 25 қарашадан кешіктірмей төлейтін
салықтар мен төлемдердің мерзімі:
КТС, 2018 жылдың қараша айына аванстық төлемдер
Төлем көзінен ұсталатын КТС, 2018 жылдың қазан айында төленген кірістер бойынша
Төлем көзінен ұсталатын ЖТС, 2018 жылдың қазан айында төленген кірістер бойынша
Төлем көзінен ұсталатын КТС, 2018 жылдың қазан айында есептелген:
- бейрезидент-заңды тұлғаның кірістері бойынша (төленген және төленген алдын-ала төлемдер шегінде)
- бейрезидент тұлғаның Қазақстан Республикасындағы көздерден құн өсімінен түсетін кірістер бойынша
ҚҚС, 2018 жылдың 3 тоқсанына
Экспортқа рента салығы, 2018 жылдың 3 тоқсанына
Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем, егерде тарихи шығындар төлемі 10000 АЕК асса, 2018 жылдың 3 тоқсанына
Пайдалы қазбаларды өндiру салығы, 2018 жылдың 3 тоқсанына
Роялти, өндіру бонусы, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын, 2018 жылдың 3 тоқсанына
Заттай нысандағы салықтарды төлеу есебі бойынша ағымдағы төлемдер, 2018 жылдың 3 тоқсанына
Әлеуметтік салық, 2018 жылдың қазан айына
Жер салығы, мерзімі бойынша ағымдағы төлем
Мүлік салығы, мерзімі бойынша ағымдағы төлем
Ойын бизнесі салығы, 2018 жылдың 3 тоқсанына
Ойын бизнесі салығы бойынша қосымша төлем, 2018 жылдың 3 тоқсанына
Тіркелген салық, 2018 жылдың 3 тоқсанына
Пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы:
-мерзімдік ағымдағы төлемдер;
-жеке тұлғалар өтеулі жер пайдалануға алынған және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын (пайдалануға жатпайтын) жер учаскелері бойынша төлемақы сомасы, егер уақытша өтеулі жер пайдалану шарты 2018 жылдың қазан айында жасалған жағдайда;
- егер 2018 жылдың қазан айында уақытша өтеулі жер пайдалану шартының қолданылу мерзімі өткен немесе салықтық кезең аяқталғанға дейін ол бұзылған жағдайда
Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы, 2018 жылдың 3 тоқсанына
Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы, жылдық жиынтық көлемі 100 АЕК және одан жоғары төлемдер көлеміндегі объектілер бойынша, жылжымалы көздерден ластаушы заттар бойынша, 2018 жылдың 3 тоқсанына
Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы, 2018 жылдың қазан айында рұқсат алған Қазақстан Республикасының салық төлеушілері ретінде тіркелмеген шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және бейрезидент-заңды тұлғалар
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы, 2018 жылдың қазан айына
Міндетті зейнетақы жарналары:
- 2018 жылдың қазан айында қызметкерлерге төленген кірістерден ұсталған
- ЖБТ, оңайлатылған декларация негізіндегі АСР қолданатын дара кәсіпкерлермен, шаруа қожалықтарымен, жеке нотариустармен, жеке сот орындаушылармен, адвокаттармен және кәсіби медиаторлармен 2018 жылдың қазан айында көрсетілген кірістер бойынша өз пайдасына төленетін
- 2018 жылдың қазан айында сақтандыру төлемдерін жүргізу барысында сақтандыру ұйымымен төленетін
- азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша алынған кірістерден жеке тұлғалармен төленетін
Міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, 2018 жылдың қазан айында қызметкерлерге төленген кірістерден ұсталған
Әлеуметтік аударымдар, 2018 жылдың қазан айына
МӘМС аударымдары, 2018 жылдың қазан айында қызметкерлерге төленген кірістер бойынша
Шымкент қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті