
Бүгінгі күні қосылған құн салығын (әрі қарай-ҚҚС) төлеушілер ретінде тіркелген салық төлеушілердің 3954 немесе 82,4 пайызы ЭШФ ақпараттық жүйесін қолдануға келісім-шартқа тұрған.
Шымкент қаласы Әл-Фараби және Абай ауданының салық төлеушілері төменгі белсенділік танытып, нәтижесінде әр ауданда бұл көрсеткіш 81,2 және 79,8 пайызды құраған.
Қазіргі таңда салық төлеушілерге пошта арқылы хабарламалар жолданып, бұл бағытта күнделікті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Шот-фактураны электрондық нысанда жазып берудің артықшылықтары:
- ЭШФ жазып беру күні 15 күнге ұзартылды, бұл уақыт қағаз тасығышта шот-фактураны жазып беру кезінде 7 күнді құраған.
- ЭШФ-ны шетел валютасында да жазып беру мүмкіндігі.
- Өзінің қызметкерлеріне шот-фактураны жазып беру құқығын беру.
- Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімдерімен жазып берілген ЭШФ-ды басқару мүмкіндігі.
- ҚҚС төлеушілер шот-фактураны электронды түрде жазып берген жағдайда ҚҚС –ың декларациясының сатушы 300.07 қосымшасын, сатып алушы 300.08 қосымшасын толтырмау мүмкіндігі.
- Қағазды үнемдеу және мөр дайындауға қаражатты үнемдеу.
- ЭШФ алушыға оның орналасқан мекен-жайына қарамастан жылдам жеткізіп беру, сондай-ақ, ЭШФ АЖ-де сатып алушы мен жеткізіп берушінің арасында жылдам хабар алмасу мүмкіндігі.
- Қателерді болдырмау мүмкіндігі, себебі ЭШФ АЖ-сі нысанды-логикалық тексеру жүргізеді.
- Алғашқы бухгалтерлік құжаттарды бөлек ресімдеуді жояды (тауар-көліктік ілеспе құжат, төлем шоттары, сонымен қатар, ЭШФ-да келісімнің бөлек ревизиттерін көрсету мүмкіндігі).
- Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы мемлекеттік мекеме болған жағдайда, ЭШФ АЖ-нен «Қазынашылық-клиент» АЖ-не төлем шотын автоматты түрде қалыптастыру, бұл электрондық қаржылық төлем құжаттарының қозғалысының мөлдірлілігін қамтамасыз етеді.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, барлық ҚҚС төлеушілер, импортталған тауарларды жүзеге асырушы салық төлеушілер, экспедиторлар мен комиссионерлер шот-фактураларды тек электронды нысанда жазып беруге міндетті.
Бұл талаптарды орындамаған жағдайда, ҚР ӘҚБ кодексінің 280-1 бабына сәйкес, әкімшілік жаза қолданылатын болады.
Сонымен қатар, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының ҚҚС соммасына есепке алуға электронды нысанда жазып берілген шот-фактура негіз болып табылатындығына назар аударамыз.
Түсіндіру жұмыс басқармасы
Шымкент қаласы бойынша МКД