Шымкент қаласы бойынша МКД Ішкі қауіпсіздік басқармасына қойылған тапсырмалардың бірі әрдайым Департаменттің жеке құрам қатарында сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтау болып табылады.
2018 жылдың басынан бері Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасымен Шымкент қаласы аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру және оған Департаменттің лауазымды тұлғаларымен қамқоршылық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.
Қылмыстық іс шеңберінде Шымкент қаласы аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша Шымкент қаласының тұрғындары аз. Г.Қоңырбеков, А.Бегалиева және Л.Рахматуллина күдікті ретінде танылды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 2015-2016 жылдары аталған тұлғалар өздерінің қылмысын жасыру үшін ақшаға сатып ала отырып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша кінәні аз. В.Гейгер және Р.Игамбердиевке мойындатқан, яғни Е.Қоңырбеков, А.Бегалиева және Л.Рахматуллинаның орнына соңғылар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталғандығы анықталды.
Қазіргі таңда қылмыстық іс материалы сотта қаралып, нәтижесінде күдіктілер Е.Қоңырбеков, А.Бегалиева және Л.Рахматуллина кінәлі деп танылып, сотталды.
В.Гейгер мен Р.Игамбердиевке қатысты сот үкімдерінің күші жойылды.
Сонымен қатар, Департаменттің Экономикалық тергеу қызметінің аға офицері М.Асқарұлы аталған тұлғалардың қылмыстық әрекеттеріне қамқоршылық жасап, қылмыстық іс материалдары бойынша дәлелдемелерді бұрмалау фактісі бойынша кінәсін мойындап, соңғымен процестік келісім жасалып, материалды сотта қарау нәтижесінде 03.10.2018ж. М.Асқарұлына қатысты 3 жылға бостандығын шектеу туралы үкім шығарылды.
Шымкент қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер Департаменті