Date of publication: 15.11.2018 11:40
Date of changing: 15.11.2018 11:41

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Астана қаласында «Шапағат» комуналдық базарына жүргізілген пилоттық жоба үлгісінде, «Атамекен» ҰКП Шымкент қалалық филиалы, Шымкент қаласы бойынша  Мемлекеттік кірістер басқармасы мен 5–сауда орталықтары және 2 сауда базарлары арасында бірлескен іс-қимыл туралы меморандум бекітілді.

Меморандумның негізгі мақсаттары.

  • Базарларды қажетті телекомуникациялық желілермен жабдықтандыру (әрбір сауда орнына электр желісі, интернет, қолданыстағы салық және кеден заңнамасы бойынша ақпараттарды жариялауға арналған мониторлар орналастыру, баннерлер мен стендтер, бақылау касса машиналарын тіркеу және түсіндіру қызметін көрсететін және посттерминалдарды орналастыруға пункттер ашу үшін арнайы орын бөлу).
  • Сауда базарлары мен сауда орталықтары мен салық төлеушілер арасында түзілетін келісім шарттарға міндетелетін тармақтар қосу,
    • ЖК ретінде тіркелу;
    • ДБФ бар БКМ мен POS-терминалдардың болуы (патент АСР басқа).
  • «Атамекен» ҰКП қызметкерлерімен бірлесіп салық төлеушілерге ДБФ бар БКМ мен POS-терминалдарды тіркеу және қолдану тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

      Бүгінігі таңда, 5–сауда орталығы мен 2 сауда базар әкімшілігімен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандум бойынша, қызметін жүзеге асыратын әр-бір салық төлеушілер бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, барлық жалға алушы саны – 1484, оның ішінде:

  • патент негізінде – 970;
  • оңайлатылған декларация – 340;
  • жалпыға бірдей тәртіпте – 174.

Жалға алушылар арасында ДБФ бар БКМ қолданатын салық төлеушілер – 183, POS-терминал қолданатын 85 салық төлеушілер бар. Ал қалған ДБФ бар БКМ қолдануға тиіс  326 салық төлеушілерге жыл соңына дейін ДБФ бар БКМ алуға міндетті екендіктері туралы түсіндіру жұмыстары барлық қалалық мемлекеттік кірістер басқармалары тараптарынан жүргізілуде.

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы