Date of publication: 22.11.2018 08:40
Date of changing: 22.11.2018 08:44

Борышкердің құрылтайшысы субсидиярлық жауапкершілікке тартылады.

       Қолданысқа енген Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңында субсидиарлық жауаптылыққа тартудың тәртібі мен шарттары айқындалған.

     Аталған Заңның 6 бабында борышкердiң құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) лауазымды адамдары әдейi және жалған банкроттық үшiн дәрменсiз борышкердің кредиторлары алдында өзiне тиесiлi мүлiкпен субсидиарлық жауаптылықта болады деп белгіленген.

Заңның 11 бабында борышкер төмендегі талаптарды орындауға міндетті деген, олар:

  • оның мүлкінің меншік иесі, ол уәкілеттік берген орган, заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттармен осыған уәкілеттік берілген органы оны тарату туралы шешім қабылдаған, ал мүлкінің құны кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге;
  • егер бір кредитордың немесе бірнеше кредитордың талаптарын қанағаттандыру оның басқа кредиторлар алдындағы ақшалай міндеттемелерін толық көлемде орындаудың мүмкін болмауына әкелсе, өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге;
  • борышкерге қатысты төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайды қоспағанда, борышкер төлем қабілетсіздігінің басталғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап алты ай ішінде өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге;
  • әкімшіні тағайындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сотқа және әкімшіге қаржылық-шаруашылық қызмет туралы ақпаратты, оның ішінде борышкерде бар мүлік, оның ішінде кепіл ауыртпалығы салынған, мүліктік жалдауда (жалға алуда) және (немесе) лизингте тұрған мүлік туралы, банктік шоттарда жатқан ақша туралы, шоттардың нөмірлері және банктердің орналасқан жері, дебиторлық берешек сомасы туралы мәліметтерді ұсынуға;
  • оңалтуды басқарушыға ол тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтайшылық құжаттарын, мөрлерді, мөртабандарды, он бес жұмыс күні ішінде – есепке алу құжаттамасын, екі ай ішінде – материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;
  • уақытша басқарушы тағайындалған күннен бастап қарау арқылы зерделеу үшін есепке алу құжаттамасына оның қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

Жоғарыда айтылған талаптарды орындау міндеттеріне кіретін борышкердің лауазымды тұлғалары, борышкердің мүлкі барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда, Заңда белгіленген ережелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, ортақ субсиядиарлық жауапкершілікке тартылады.

 Жыл басынан Шымкент қаласы бойынша МКД Оңалту және банкроттық басқармасына қарасты  борышкердің лауазымды тұлғаларынан кредиторлардың қанағаттандырылмаған талаптарын субсидиярлық тәртіппен өндіру бойынша банкроттық басқарушылармен және кредиторлармен сотқа 50,3 млрд. теңгеге 160 талап арыз жолданып, нәтижесінде сотпен 44,8 млрд. теңгеге 144 талап арыз қанағаттандырылған.

Бүгінгі таңда, борышкердің лауазымды тұлғаларынан субсидиярлық тәртіпте банкроттың мүліктік массасына өндіру туралы сот шешімдері сот орындаушылардың өндірісінде.

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы.