
Ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» салтанатты жағдайда аталып өтті. Шараны Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Көшеров Нұралхан Оралбайұлы құттықтау сөзбен ашып, жиналған қауымды еліміздің тарихында ойып алар орны бар айтулы мерекемен құттықтады.
Жиында арнайы баяндамамен Департаменттің белді, әрі тәжірибелі мамандары сөз сөйлеп, «Тәуелсіздік – құнды қазынамыз, болашақ ұрпаққа – аманатымыз. Кең байтақ аймақты мекендеген бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікке ие болғанымызға биыл 27 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде біз саяси тұрақты, экономикасы дамыған, бірлігі жарасқан, ынтымақты ел ретінде өзімізді жаһанға таныттық. Евразияның жүрегінде орналасқан Қазақстан – 130-дан астам ұлт пен ұлыстың Отаны, ертеңі - айқын, болашағы - жарқын ел» -дей келе, әріптестерін құттықтап, ізгі ниеттерін білдірді.
Әрі қарай, мерекелік жиын патриоттық ән шашумен келген өнер адамдарының шағын концертіне ұласты.
Түсіндіру жұмыс басқармасы
Шымкент қаласы бойынша МКД