Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің жұмысы есепті кезеңде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарына, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен Департамент басшылығының тапсырмаларына, сондай-ақ, басым бағыт болып белгіленген қызметтерге негізделді.
Есепті кезеңде өндірісте 289 сотқа дейінгі тергеп-тексеру болған. Оның ішінде:
- Осы органмен басталған 237 сотқа дейінгі тергеп-тексеру, немесе 82,1%, оның ішінде 2018 жылы 196 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелген, немесе 67,8%.
- Өзге органдардан келіп түскен сотқа дейінгі тергеп-тексеру – 52, немесе 17,9%.
- Барлығы өндіріспен аяқталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру – 213 (прокуратура органдарына айыптау актісін бекітуге жолданғанымен қоса), немесе 73,7%.
Өндіріспен аяқталған 213 сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ішінде:
- Сотқа жолданғаны – 110, немесе өндіріспен аяқталғандардың 51,6%-ы;
- Реабилитациялық емес негіздермен тоқтатылғаны - 103%, немесе 48,4%;
- Реабилитациялық негіздермен тоқтатылғаны – 38.
Оның ішінде реабилитациялық негіздермен тоқтатылған 38 сотқа дейінгі тергеп-тексерудің 20-сы осы органмен басталған. Оның ішінде жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде басталғаны – 7, соның 3-еуі ізгілендіру заңының колданысқа енгізілуіне байланысты тоқтатылды. Қалған 4 жағдайда жедел тексеру қорытындысы дәлелденбеді (медикаменттерді шығаруға лицензия, екі жағдайда келтірілген шығын соммасы дәлелденбеді, бір жағдайда жедел ақпарат дәлелденбеді).
Экономикалық қызмет саласында қылмыстық құқық бұзушылықтар саны – 130-ды құрады (ҚР ҚК 8 тарау, «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар»), немесе 44,9%, өндірісте бар істердің 83-і немесе 63,8% өндіріспен аяқталды. Оның ішінде:
Сотқа жолдандағы – 26, немесе экономикалық қылмыстардың 20%;
Реабилитациялық емес негіздермен тоқтатылғаны – 47, немесе өндірістегі экономикалық қылмыстардың 36,2%. Бір тергеушінің жүктемесі 14,5 іс.
Есепті кезеңде, 37 сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі үзілген (45б.,7 б.) немесе өндірісте бар 289 сотқа дейінгі тергеп-тексерудің 12,8%. Сотка дейінгі тергеп-тексерулердің мерзімі ҚР ҚК 45б., 7б., бойынша келесідей негіздермен үзілген.
- 1б. бойынша (адамды анықтау мүмкін болмауына байланысты) – 23 іс, немесе мерзімі үзілген істердің 62,2%.
- 3б. бойынша (күдіктіні іздестіруге байланысты) – 4 іс, немесе 10,8%.
- 4б. бойынша (күдіктінің науқастануына байланысты) – 3 іс, немесе 8,1%.
- 5б. бойынша (құқықтық көмек алу бойынша процессуальдық іс-әрекеттер жасау) – 7 іс, немесе 18,9%.
Қылмыстық істі қосымша тергеп-тексеруге қайтарған фактілер орын алмаған.
Шығынның орнын толтыру
Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген шығын көлемі 590 млн. теңгені құрады, оның 427 млн. теңгесі өтеліп, күдіктілердің мүлкіне шектеу қою фактілері орын алмады.
Шығынды өтеу 72,3% құрады.
Ұйымдасқан қылмыстық топтар
Ағымдағы жылы ЭТҚ өндірісінде ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оны басқару фактілері бойынша 2 сотқа дейінгі тергеп-тексеру болған. Жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде «Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының» қызметкері аз.Ш және аз.Д және басқалардың «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасының бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша заңға қайшы іс әрекеті анықталып, жолы кесілді. Жымқырылған бюджет қаражаты 432 млн. теңгені құраған. 25.12.2017 жылы аз.Д қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК 262б. 1,2,3 б., 190 4б, 1,2т., 218 1,3, 361 2б, және 385 1,2,3б.б. сәйкес айыптау актісімен бірге сотқа жолданды.
24.01.2018ж. аз.Ш қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру оған іздеу жариялануына байланысты ҚР ҚК 262б., 3б. үзілді.
Сонымен қатар, 28.09.2018 жылы ЕРДР №175100121000228 (соед.185100121000318) сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 28б.,5б, 245 3б., 262 2б., ҚР ҚІЖК 35б.,1б.,12т, ҚР ҚМ 67б., 1б. сәйкес, реабилитациялық емес негізбен тоқтатылды.
ОҚО бойынша МКД ЭТҚ, аз.Д қылмыстық топқа қатысты ҚР ҚК 262б., 1,2 б., 215, 3б., 245 3б. бойынша №155100121000382 қылмыстық ісі аяқталып, сотқа жолданған.
12.06.2017 жылы №155100121000382 басты қылмыстық істен ҚР ҚПК 44б., 1б., 4т., сәйкес, аз.Р.Р және Р.Г. қатысты ҚР ҚК 245б., 3б. №175100121000228 қылмыстық іс бөлініп шығып, олар өз кезегінде 30.05.2017 жылы прокурормен өзара ынтымақтастық туралы процессуальды келісімге тұрды.
03.09.2018 жылы Түркістан облыстық сотының апелляциялық коллегиясымен аз.Д және басқаларға қатысты ҚР ҚК 262б., 1б., 245.3б сәйкес, айыпты деп тану туралы сот үкімі шықты.
24.09.2018 жылы күдікті аз.Р.Р және Р.Г қылмыстық іздестіру органдарына оларға қатысты ҚР ҚК 67 бабын қолдану туралы уәжбен жүгініп, күдікті аз.Р.Р және Р.Г. өзара ынтымақтастық туралы процессуалды келісімнің барлық талаптарын орындауы себебінен 28.09.2018 жылы оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 67б., 1 б., және ҚР ҚІЖК 35б., 1б., 12т. сәйкес тоқтатылды.
Шымкент қаласы бойынша МКД
Экономикалық тергеу қызметі