Date of publication: 28.12.2018 15:26
Date of changing: 28.12.2018 15:27

         Декларанттың электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген өтініші бойынша шетелдік тауарларға арналған тіркелген транзиттік декларацияны ол кеден органы тауарларды шығарғанға дейін не кеден органы тауарларды шығарғаннан кейін осындай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде шыққанға дейін кері қайтарып алуы мүмкін.

         Электрондық нысандағы жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған тіркеу нөмірін осындай декларацияға беру жолымен жүргізіледі.

         Мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы ( уәкілетті лауазымды адам) жолаушыларға арналған кедендік декларацияны оны берген кезден бастап мемлекеттік кірістер органы жұмыс уақытының бір сағатынан кешіктірмей тіркейді.

         Жолаушыларға арналған кедендік декларация қағаз тасымалдағышында берілген жағдайда уәкілетті лауазымды адам жеке нөмірлі мөрінің бедерімен куәландырыланған жолаушыларға арналған кедендік декларацияның жоғарғы сол жақ бұрышына мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған тіркеу нөмірін қояды.

         Жолаушыларға арналған кедендік декларацияның тіркеу нөмірі мынадай жолмен қалыптастырылады:

 

ХХХХХ/ ХХХХХХ/ ХХХХХХХ,

_________________________________  ,

      1-элемент – кедендік мақсатта пайдаланылатын Қазақстан Республикасы

      мемлекеттік кірістер органының кодына сәйкес жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеген мемлекеттік кірістер органының коды;

      2-элемент – жолаушыларға арналған кедендік декларацияның тіркелген күні (күні, айы, жылдың соңғы екі цифры);

      3-элемент – ақпараттық жүйеде қалыптастырылған реттік нөмірі.

         Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеуден бас тартуды уәкілетті лауазымды адам бас тарту себептері мен күні туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесіне енгізу арқылы ресімдейді. Бас тарту себептері туралы ақпарат декларантқа электронды нысанда ақпараттық жүйелерді қолдана отырып жолданады.

         Уәкілетті лауазымды адам жолаушыларға арналған кедендік декларацияны оны берген кезден бастап мемлекеттік кірістер органы жұмыс уақытының бір сағатынан кешіктірмей тіркеуден бас тартады.

         Қағаз тасымалдағышында берілген жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеуден бас тарту жолаушыларға арналған кедендік декларацияның негізгі формулярының  «Қызметтік белгілер үшін» бөлімінде бас тартудың дәлелді себебін және күнін көрсете отырып  «... байланысты тіркеуден бас тартылды» деген жазба жасау арқылы уәкілетті лауазымды адаммен ресімделеді. Жазба уәкілетті лауазымды адамның жеке нөмірлі мөрінің бедерімен куәландырылады.

         Тіркеуден бас тарту болып ресімделген жолаушыларға арналған кедендік декларация декларантқа қайтарылады.

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы