
Сіздерді келіп жеткен жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жылда еліміз одан әрі өркендеп, экономикамыз нығая берсін. Келер жылы толағай табыстарға кенеліп, мәртебеміз арта берсін. Жаңа жылда баршаңыздың қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, денсаулық, бақыт пен шаттық тілейміз. 2019 жыл тек жақсылықтар мен қуаныштар, бейбітшілік пен молшылық алып келсін. 2019 жыл барлық азаматтардың асқақ армандары орындалатын жыл болсын.
Ізгі ниетпен Шымкент қаласы бойынша МКД