
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті әр аптаның бейсенбі күндері қала аумағында орналасқан барлық кірістер басқармаларында «Ашық есік күні» өткізілетіндігін Сіздердің назарларыңызға жеткізеді. Салық және кеден заңнамары бойынша туындаған сұрақтарыңыз бен мәселелеріңізге қатысты кеңестер алуларыңызға болады.
Кеңес алу үшін төмендегі мекен-жайларға жүгініңіздер:
-Әл Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы- Төлеби көшесі №22 үй;
-Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы – Театр көшесі №33 үй;
-Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы- А.Байтұрсынов көшесі №68 үй;
-Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы- А.Байтурсынов көшесі №66 үй.
Шымкент қаласы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыс басқармасы