Date of publication: 23.01.2019 10:00
Date of changing: 23.01.2019 10:01

Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны (230.00-нысан) толтыру (түзу) қағидалары Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да  міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексіне) сәйкес әзірленген және жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны жасау тәртібін айқындайды.

Декларация декларацияның өзінен (230.00-нысан) және есептелген салық міндеттемесі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған 230.01-ден 230.02-ге дейінгі нысанды қосымшалардан тұрады.

             - 230.01-қосымша мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамдардың, оның ішінде сайлау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес декларация тапсыру бойынша міндет жүктелген адамдардың және олардың жұбайларының (зайыптарының) меншік құқығындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі, мүлікті декларациялауына арналған.

             - 230.02-қосымша мемлекеттік қызметтегі тұлғалардың және олардың жұбайларының (зайыптарының), сондай-ақ өзге санаттағы жеке тұлғалардың, оның ішінде жағымсыз себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың босатылғаннан кейінгі үш жыл бойы, және олардың жұбайларының, сондай-ақ Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес декларация тапсыру бойынша міндет жүктелген адамдардың есепті салық кезеңінде алған табыстарын және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында болған, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі, мүлкін көрсетуге арналған.

    Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.

    Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде жоғарыда аталған декларацияға қосымшалар міндетті толтыруға жатады.

Декларацияны  орналасқан (тұрғылықты) жеріндегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.

      ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңының 11 бабы 3 тармағына сәйкес Мемлекеттiк қызметтен терiс себептермен босатылған азаматтар (осы азаматтардың жұбайлары) қызметтен шығарылғаннан кейiнгi үш жыл бойы ҚР салық заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке табыс салығы және мүлік  туралы  декларациясын  (230.00 -нысан)  тапсыру қажет.

      ҚР Салық кодексінің 208 бабының 3-тармағына сәйкес,  Салық төлеушілер (салық агенттері) салық есептілігін тиісті мемлекеттік кірістер органдарына:

1) өзі келу тәртібімен - қағаз жеткізгіште табыс етуге;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы - қағаз жеткізгіште;

3) салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы - ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде табыс етуге болады.

      ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 274 бабы 1-2 тармақтарында «Мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, қызметтен терiс себептер бойынша шығарылған адамдар, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) салық салу объектілері болып жеке табыстары мен мүлікі туралы декларацияларды ҚР заңнамасында белгіленген мерзімдерде қасақана ұсынбауы:

 –  елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ал, аталған бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған жағдайда                                                                                                –  екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      

 

 

Шымкент қаласы бойынша

         Мемлекеттік кірістер департаменті