Date of publication: 28.01.2019 09:06
Date of changing: 28.01.2019 09:08

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмай кәсіпкерлікпен айналысатын және тек қана жеке тұлғаға қызмет көрсетіп, жалдамалы жұмыскерлердің жұмыс күшін қолданбайтын жеке тұлға бірыңғай жиынтық төлем (БТЖ) төлеуі тиіс.

Бұл тұлғалар өзінің қосалқы шаруашылығынан өз өнімін жүзеге асыратындар, бала күтушісі, үй қызметкері, базар, теміржолдарда арба тасушылар, тұрғын үйді жинастыру және т.б қызметтерді көрсетушілер болып табылады.

БЖТ төлеушінің  табыс мөлшері күнтiзбелiк жыл үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарындағы айлық есептік көрсеткіштің 1 175 еселенген мөлшерінен аспауы тиiс, яғни 2 966 875 теңге (1175*2525). 

Республикалық және облыстық маңызы бар қала, астана үшін БЖТ мөлшері 1 АЕК – 2525 теңге, басқа елді мекендер үшін 0,5 АЕК – 1263 теңге.

Бюджет пен қорлар арасында төлемдердің бөлінуі ыңғайлы болу үшін, бiрыңғай жиынтық төлем банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының шотына аудару жолымен бір төлем тапсырмасымен жалпы сомамен төленуге жатады

Жеке тұлғалар, бірыңғай жиынтық төлем жасалған күннен бастап мұндай төлем жүргізілген айдың соңғы күніне дейін БЖТ төлеушілер деп танылады.

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер БЖТ-ны айына 1 рет төлейді, оның ішінде жеке табыс салығы бюджетке 10% (252,5 теңге), әлеуметтік төлемдер ӘСМҚ-на 20 % (505 теңге), зейнетақы аударымдары БЖЗҚ-на 30 % (757,5 теңге), МӘМС –ға аударымдарына ӘМСҚ-на 40 % (1010 теңге).

 

Түсіндіру жұмыс басқармасы

Шымкент қаласы бойынша МКД