Date of publication: 28.01.2019 16:20
Date of changing: 28.01.2019 16:21

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС төлеушілері шот-фактураларды тек электрондық нысанда жазуы керек. Аталған талаптар орындалмаған жағдайда салық төлеушілер ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 280-1 бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының ҚҚС есепке жатқызуы үшін электрондық нысанда жазып берілген шот-фактура негіз болып табылады.

Шымкент қаласы бойынша МКД