
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 155-бабы 3-тармағы 32) тармақшасының алтыншы абзацына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарына дейінгі қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан мүгедек алған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу кезінде алынған материалдық пайда жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайды.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне (бұдан әрі - ҚМ) және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне (бұдан әрі - ҰЭМ) жеке көмекшілердің табысына Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағы 32) тармақшасының алтыншы абзацын қолдануға қатысты «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке көмекшілерден әлеуметтік көмек алатын мүгедектер жүгінеді.
Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 32) тармақшасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңымен 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енген, осыған байланысты, аталған мәселе бойынша салық органдары тек қана мүгедектің табысына жоғарыда көрсетілген нормаларды қолдану бөлігіне түсіндірмелер берген, тиісінше, үкіметтік емес ұйымдар жеке көмекшілердің таысынан жеке табыс салығын ұстаған.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі №19-5/18341 және 2018 жылғы 28 желтоқсандағы №19-5/28008 ұстанымдары (бұдан әрі – ҰЭМ-нің ұстанымдары) мүгедектерге қатысты жеке көмекшілердің көрсеткен қызметтерінің құнының төлемі салық салу мақсатында жеке көмекшілердің табысы болып табылмайды.
Осылайша, ҰЭМ-нің ұстанымдарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 Қаулысына сәйкес салық саясатын қалыптастыру саласындағы уәкілетті орган ретінде ескере отырып, мүгедектерге қатысты жеке көмекшілердің көрсеткен қызметтерінің құнының төлемі салық салу мақсатында жеке көмекшілердің табысы болып табылмайды.
Шымкент қаласы бойынша МКД