Date of publication: 01.02.2019 09:21
Date of changing: 01.02.2019 10:40

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылдың қорытындысымен барлық деңгейдегі бюджеттер бойынша бекітілген болжам орындалды. Атап айтқанда:

Мемлекеттік бюджет бойынша межеленген жоспар 107% орындалды, яғни жоспар 167,5 млрд. теңге болса, бюджетке нақты 179,3 млрд. теңге өндіріліп,  артығымен 11 млрд. 723 млн.теңге қамтамасыз етілді. Оның ішінде:

Республикалық бюджет бойынша жоспарланған 89 млрд. 597 млн.теңгенің орнына, нақты 96 млрд. 450 млн.теңге өндірілді, орындалуы 108% немесе 6,8 млрд. теңге артығымен қамтамасыз етілді.

Жергілікті бюджет бойынша  жоспар 78 млрд. теңге болса, нақты 82,8 млрд. теңге өндіріліп, орындалуы 106% немесе жергілікті бюджет қоржынына артығымен 4 млрд. 870 млн.теңге қамтамасыз етілді. 2017ж. 70,7 млрд. теңге түскен болса, 2018 жылдың түсімдерінің өсу қарқыны 117% құрап, 12,1 млрд. теңгеге артты.

Қосымша резервтер. Салықтық және кедендік әкімшіліктендіру нәтижесінде 2018ж. мемлекеттік бюджетке қосымша анықталған резервтер есебінен барлығы 14,6 млрд.тенге өндірілді. Оның ішінде

 республикалық бюджетке7 млрд. 195 млн.теңге немесе салықтық түсімдер ішіндегі үлесі 7,6% құрады.

жергілікті бюджетке – 7 млрд. 459 млн.теңге немесе салықтық түсімдер ішіндегі үлесі 9,6% құрады.

Негізгі бағыттар бойынша:

  • Бақылау-экономикалық жұмысының нәтижесінде 1 млрд. тенге өндірілді (РБ -992,6 млн.тг., ЖБ- 89,4 млн.тг).
  • Салықты әкімшіліктендіру және камералдық бақылау жұмыстарының нәтижесінде – 4 млрд. 152 млн.тенге (РБ -2951,3 млн.тг., ЖБ- 1201,2 млн.тг)
  • ЕЭАС шеңберіндегі жанама салықтарды әкімшіліктендіру нәтижесінде бюджетке – 276 млн.теңге (РБ -276 млн.тг.,);
  • Жүргізілген мәжбүрлеп өндіру шаралар нәтижесінде – 3 млрд. теңге өткен жылдардан келе жатқан қарыз сомалары бюджетке өндірілді (РБ -1474,7 млн.тг., ЖБ- 1476,9 млн.тг).
  • Бейөндірістік төлемдерді әкімшілендіру бойынша 4 млрд. 370 млн. теңге өндірілді (РБ -3,5 млн.тг., ЖБ- 4370 млн.тг)

 

Түсіндіру жұмыс басқармасы

Шымкент қаласы бойынша МКД