Date of publication: 22.02.2019 17:28
Date of changing: 22.02.2019 17:30

Аптаның әр бейсембі күндері Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты Мемлекеттік кірістер басқармаларында  «Ашық есік күні» акциясы өткізіледі. Аталған шара қаламыздың Әл-Фараби аудандық басқармасында да өткізілді. Кездесу барысында салық төлеушілерге банкроттық рәсімін қолдану, салық төлеушінің төлем қабілетсіздігін қалпына келтіру және реттеу мәселесі бойынша түсініктемелер берілді. Борышкерді банкрот деп танудан бас тартқан жағдайда, уақытша басқарушыға әкімшілік шығыстарды өтеу туралы мәселе борышкердің банкроттық бастамашысы болған жағдайда негізсіз болмауына байланысты туралы т.б. Жеке тұлға салық төлеушілер салық органы салық төлеушінің шоттарынан сот шешімі бойынша  салық төлеушінің шоттарынан қарыздарын өздерінің банктік шоттарынан инкассалық өкімдерді күтпей, салық төлеушінің талабы бойынша өндіруге  құқылы ма деген сұраққа қызығушылық танытты.

«Ашық есік күні» акция аясында көпшіліктің көкейіндегі туындаған сұрақтары негізінде әзірленген «Онлайн БКМ мен ЭШФ жазу туралы сұрақ-жауап», «Салық салу мәселелері бойынша сұрақ-жауап» деген буклеттер таратылды.

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы