
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен Шымкент қаласындағы «Айна» және «Евразия» базарларында салық салу мәселелері бойынша кеңес беретін орталықтар ашылды. Орталықта мамандардың көмегіне жүгіне отырып, кәсіпкерлер жұмыс орындарынан алыстамай-ақ, салықтық есептілік нысандарын тапсыру, салық салу мәселелері және онлайн бақылау-касса машиналарын қолдану бойынша сұрақтарына жауаптар алуына мүмкіндік бар. Сондай-ақ, кеңес беру орталығынан ҚР Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндірмелер алуға болады.
Шымкент қаласы бойынша МКД